Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Сайтты әзірлеу

Тапсырыс беруші ұйымның қызметі – әрбір азаматты күтпеген жоғары медициналық шығындардан қаржылық қорғау, сондай-ақ медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру арқылы денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сайтты әзірлеу жұмыстары лицензиялық 1С-Битрикс сайтты басқару жүйесінде жүзеге асырылды. Алдыңғы сайттағы барлық контент жаңа сайтқа толықтай көшіріліп, жаңадан құрылымдалды. Бұл құрылым сайтқа кіру көрсеткіштерінің жылу картасы (heatmap) негізінде талданған. Барлық мазмұнды тапсырыс беруші тарапынан оқытылған мамандар өз бетімен оңай редакциялай алады.

Реализацияланған функционал мен сервистер:

  • ӘМСҚ жеткізушілерінің интерактивті картасы әзірленді;
  • Кадрлық резервті қалыптастыру және сайт арқылы үміткерлерден түйіндеме жинау;
  • Вакансиялар мұрағаты;
  • Сайт келушілеріне сауалнамалар жүргізуге арналған сервис;
  • Міндетті жарналарды есептеуге арналған интерактивті калькулятор;
  • Айыппұл (пения) мөлшерін есептеуге арналған интерактивті калькулятор;
  • Пайдаланушылардың сұрақтары мен өтініштерін жолдау мүмкіндігі;
  • Үш ішкі ақпараттық жүйемен интеграция жүргізілді.

Сайт дизайны тапсырыс беруші компанияның фирмалық стилі мен брендбукіне сәйкес әзірленді. Негізгі екпін – ашық әрі таза түстер палитрасында, минималистік тәсілмен берілді. Маңызды бөлімдерге арналған сілтемелер иконкалармен және объектілерді белсендіру кезінде көрінетін көлеңке түріндегі жеңіл анимациямен безендірілді. Ішкі беттерге арналған бірнеше типтік дизайн нұсқалары қолданылды.

Технология

CMS Bitrix CMS Bitrix
PHP PHP
HTML5 HTML5
CSS3 CSS3
JavaScript JavaScript
Sass/Scss Sass/Scss
Webpack Webpack
MySQL MySQL
CI/CD CI/CD

Жоба бойынша жұмыс жасалды


Project Manager

Жобаға тез қосыламыз

Жұмысты бастау үшін бізге сұхбат жеткілікті.Сіздің жобаңыз бойынша егжей-тегжейлі ТТ-ны біздің мамандар жасайды.