Invest in Kazakhstan

Порталды әзірлеу

«Kazakh Invest» АҚ үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағынан жиналатын инвесторларға арналған барлық электрондық сервистер мен ақпаратқа қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын портал әзірленді. Портал келесі функционалға ие:

  • 17 өңірлік ішкі сайт;
  • BPM жүйесімен интеграция – өтінімдер, шағымдар мен ұсыныстар беру үшін;
  • Прогрессивті және мобильді қосымша;
  • Инвесторға арналған интерактивті жолсілтеме;
  • Порталдың ішкі беттерінің бірегей дизайны;
  • Google Translate API қосылымы – пайдаланушыға қажетті тілге мазмұнды автоматты түрде аудару үшін;
  • Инвестициялық жобаларға арналған интерактивті карта әзірленді;
  • Қазақстанға келушілерге арналған бөлім әзірленді;
  • Өңірлердің интерактивті картасы.

Порталды техникалық қолдау

Порталдың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін техникалық сүйемелдеу және дамыту жүргізілуде. Бұл қызмет аясында резервтік көшіру және Ақпараттық қауіпсіздік талаптары мен саясатына сәйкес қажетті рәсімдер жүзеге асырылады.
www.invest.gov.kz және компанияның өзге де жобаларында келесі құралдар мен сервистер енгізіліп, қолданылуда:

  • GitLab – нұсқаларды басқару жүйесі. Бұл жүйе әрбір әзірлеушінің бастапқы файлдарының барлық нұсқаларын сақтауға және кез келген уақытта кез келген нұсқаға қайта оралуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жоба жетекшісі тарапынан бастапқы кодқа тексеру жүргізіліп, қызмет көрсету сапасы жоғары деңгейде сақталады;
  • CI/CD – жобаның жаңа бөліктерін тестілеу мен жеткізуді автоматтандыру технологиясы;
  • Kubernetes – контейнерленген қосымшаларды оркестрациялау технологиясы. Ол оларды автоматты түрде орналастыруға, масштабтауға және жүктемені арттырғанда үйлестіруге мүмкіндік береді;
  • IBM QRadar SIEM – портал мен оның жүйелеріндегі деректер ағыны мен әрекеттерді үздіксіз бақылау жүйесі. Бұл шешім кибершабуылдардың жолын кесіп, деректердің ұрлануына жол бермейді.

Порталдың контенттік сүйемелденуі

Мазмұн шет тілдеріне аударылып, мақалалар жазылады, Тапсырыс берушіден келіп түскен мәтіндер редакторлық өңдеуден өтеді және порталға орналастырылады. Сондай-ақ инфографика және басқа да графикалық элементтер әзірленеді.

2026 жылға қарай Корпорация – агроөнеркәсіптік кешенді индустрияландыру, интенсификациялау және әртараптандыру арқылы тиімді қызмет моделіне ие, тұрақты әрі қолжетімді қаржыландыру жүйесін дамытатын және АӨК субъектілері мен жеке қаржы институттарының құзыреттілігін арттыратын АӨК-тің негізгі даму институтына айналады.

Технология

CMS Bitrix CMS Bitrix
PHP PHP
HTML5 HTML5
CSS3 CSS3
JavaScript JavaScript
Sass/Scss Sass/Scss
Webpack Webpack
MySQL MySQL
CI/CD CI/CD

Жоба бойынша жұмыс жасалды


Олеся Маринкина

Project Manager

Дмитрий Пиюнихин

Designer

Вадим Кравец

TeamLead

Жобаға тез қосыламыз

Жұмысты бастау үшін бізге сұхбат жеткілікті.Сіздің жобаңыз бойынша егжей-тегжейлі ТТ-ны біздің мамандар жасайды.